ЕАЭО-да интернет-дүкендерден тауарларды бажсыз әкелу лимиті көтерілді
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізілетін тауарларды бажсыз әкелу лимитін көтерді. Енді жеке тұлғалар үшін шетелдік интернет-дүкендерде мұндай сатып алу сомасы 1000 еуроға (шамамен 565 000 теңге) дейін өсті, деп хабарлайды БЕЛТА.
ЕЭК ресми өкілі Ия Малкинаның айтуынша, лимит 2022 жылдың 1 қазанына дейін уақытша ұлғайтылды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудегі бажсыз лимит небәрі 200 еуро болды.
Ия Малкина сәлемдеменің құнынан асып кеткен жағдайда, сондай-ақ салмағы 31 келіден асатын болса, алым төленетінін түсіндірді. Ол тапсырыс бағасының 15% мөлшерінде белгіленеді, бірақ килограммына екі еуродан кем емес.
ЕЭК өкілінің айтуынша, жаңа шара шетелдік интернет-дүкендерде жеке пайдалануға арналған тауарларға белсенді түрде тапсырыс беретін азаматтарды қолдауға көмектеседі. Сонымен қатар, лимиттің бұлайша ұлғаюы кейбір тауарлардың тапшылығын болдырмауға көмектеседі.