СҚО полицейлері бірнеше интернет-алаяқтық жасаған алматылықты ұстады
Сурет: pixabay
Жалған тауарларды сату – интернет алаяқтардың жиі қолданатын айласы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, ұтымды бағамен жиһаздың сатылатыны туралы хабарландырулар OlX.kz және Instagram әлеуметтік желісінде өткен жылы пайда болған.
Сатып алушылар 40 мыңнан 120 мың теңге аралығында алдын ала төлемді аударған.
Бұдан кейін “сатушымен” байланыс үзілген. Қылмыскердің әрекетінен зардап шеккен үш петропавлдық полицияға жүгінді.
Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, қызметтік іссапар кезінде құрықтады.
Күдікті пәтер ұрлығы үшін бұрын істі болған Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол тергеу изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта СҚО аумағынан тыс жерде жасалған тағы 40 алаяқтық анықталды. Полицейлер күдіктінің әрекеттерінен зардап шеккендерді анықтауда.
OLX.kz сайтының әкімгері қылмыстың алдын алуға көмек көрсетуде. Әр парақшаға интернет-алаяқтық қаупі туралы хабарлама орналастырған. Полиция қызметкерлері мұндай қылмыстарды жадынамаларды тарату, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпарат орналастыру арқылы ескертеді. Мақсатты профилактикалық жұмыс өз нәтижесін көрсетуде. Соңғы жылдары интернет-алаяқтықтың саны күрт артқанымен, тосқауыл қою мүмкін болды. Өткен жылдың екі айында СҚО-да – 139, ал биыл 118 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript