Нигерияда екі автобус соғылып, жолаушылардың барлығы дерлік тірідей жанып кетті

Нигерия, жол-көлік апаты, автобус, жолаушы , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 10:14 Сурет: Twitter/radinfonews
Батыс Африкада автобустардың қатысуымен жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан жолаушылардың барлығы дерлік – 20 адам, оның ішінде төрт бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Daily Post басылымының жазуынша, Нигериядағы Баучи-Кано тас жолында екі коммерциялық автобус соғылған.

Полицияның мәліметінше, өрт Volkswagen Golf 3 көлігі мен Sharon шағын автобусының соқтығысуы салдарынан басталған. Автобустарда барлығы 21 адам болған, оның 20-сы тірідей жанып кетті.

Тек жүргізуші ғана аман қалған. Ол ауруханада жатыр. Қайтыс болғандардың арасында төрт бала бар: бір ұл бала мен үш қыз. Полицейлердің болжамы бойынша, апатқа жылдамдықты шамадан тыс арттыру себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: