Перуде автобус жардан құлап кетті: 11 адам қаза тапты
Сурет: twitter/johnnyaurazo
Перудің солтүстігінде автобустың жардан құлауы салдарынан 11 адам, оның ішінде екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Radionacional мәліметінше, 35 адам жарақат алған.
Оқиға елдің солтүстігінде, Сихуас провинциясындағы шалғайдағы ауылдық жолдың бойында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі Таябамба-Лима бағытымен келе жатқан, бірақ тізгінге ие бола алмай, қоршауды бұзып өтіп, 100 метрлік жардан құлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript