Нигерияда екі автобус соғылып, жолаушылардың барлығы дерлік тірідей жанып кетті
Сурет: Twitter/radinfonews
Батыс Африкада автобустардың қатысуымен жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан жолаушылардың барлығы дерлік – 20 адам, оның ішінде төрт бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті Daily Post басылымының жазуынша, Нигериядағы Баучи-Кано тас жолында екі коммерциялық автобус соғылған.
Полицияның мәліметінше, өрт Volkswagen Golf 3 көлігі мен Sharon шағын автобусының соқтығысуы салдарынан басталған. Автобустарда барлығы 21 адам болған, оның 20-сы тірідей жанып кетті.
Тек жүргізуші ғана аман қалған. Ол ауруханада жатыр. Қайтыс болғандардың арасында төрт бала бар: бір ұл бала мен үш қыз. Полицейлердің болжамы бойынша, апатқа жылдамдықты шамадан тыс арттыру себеп болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript