Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді

ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 09:26 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында полицейлер мас күйінде өз анасын сабап өлтірген 40 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Факті Алакөл ауданында тіркелді. Сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні ауруханаға 62 жастағы әйел түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасқа ауыр соққы деген диагноз қойды. Есін жимастан әйел келесі күні қайтыс болды.

Учаскелік полиция қызметкерлері оның өліміне қатысы бар деген күдікпен марқұмның 40 жастағы ұлын ұстады.

Күдікті мас күйінде өгей әкесі мен анасын ұрып-соққаны анықталды. Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің әрекетіне қарамастан қайтыс болды. Күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жүргізілуде. Алакөл аудандық полициясы

Полиция ұсталған азаматтың ұсақ құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын қосты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: