Алматыда Ресей полициясы іздеп жүрген алаяқ ұсталды

ұсталды Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Алмалы аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, іздеуде жүрген 25 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Шымкентте жасырынып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде 1997 жылы туған Е.есімді азамат ұсталды. Дәл сол жерде ол РФ-ның әділет органдарынан жасырынған. Көрші мемлекеттің полиция қызметкерлері айыпталушыны есірткіні заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны, дайындағаны және өңдегені үшін іздеп жүрген, ал, сол кезде Алматының полиция қызметкерлері күдіктіні бірқатар алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін іздеп жатқанын РФ-ның полицейлері білмеген де. Біздің деректеріміз бойынша Е.есімді азамат сайтқа арзан бағамен пәтер жалдау туралы хабарландыру жариялады. Сонымен қатар, ол өзі бұл пәтерлерді бір күнге жалға алып, кейіннен ұзақ мерзімге қайта жалға берген. Алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қаскөй жалған келісім-шарттар жіберіп, 100% алдын ала төлемді талап етіп, кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған. Ол үшін оның бірнеше абоненттік нөмірлері болды, олар тінту кезінде тәркіленді. Сонымен қатар, аударымдар жүзеге асырылған банктік деректемелер анықталды. Қазір алаяқтық бойынша 16 дерек дәлелденді. Сол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - дейді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Жедел қызметкерлер алданған адамдардың әлі де көп болуы мүмкін екеніне сенімді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз