Алматыда халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2025 15:08 Сурет: polisia.kz
Алматы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздеу салуға Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің басқармасы бастамашы болған.

Ұсталған азамат ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Қолда бар мәліметтер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 23 миллион рубльден асады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы ақпарат алынды. Алматы полициясы бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ол ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты экстрадициялау ісі басталды", - деді Алматы полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: