Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

9 мамыр мен 19 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде жеңіл көліктер қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Момышұлы даңғылында жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті, деп жазды елорда әкімдігінің сайты.
Осыған байланысты 9 мамырдан 19 мамырға дейін Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде жеңіл көліктерге арналған қозғалыс жартылай шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.
Бөлісу
0
Толық оқу