Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше ішінара жабылады

Инфрақұрылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 19:32 Сурет: Zakon.kz
26 сәуірден бастап Жеңіс даңғылынан Потанин көшесіне (бұрынғы Алтынсарин көшесі) дейінгі учаскеде автокөлік құралдарына арналған қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Потанин даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26-30 сәуірі аралығында Жеңіс даңғылынан Потанин көшесіне (бұрынғы Алтынсарин көшесі) дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді ведомстводағылар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: