Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік береді

Қазақстан, Қырғызстан, әскери техника, әскери мүлік, заң жобасын ратификациялау Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылды, деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов.

Әскери мүлік Қырғызстанға бір рет беріледі. Атауы мен көлемі дипломатиялық арналар арқылы келісілді. Қазақстан тарапы әскери техниканы Қырғызстанның Қой-Таш елді мекеніне автокөлікпен жеткізіп береді. Шығынды өзі көтереді.ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов

Оның айтуынша, қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті тек қауіпсіздік мақсатында пайдаланады, үшінші жаққа бермейді және ТМД-ға мүше мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз