Жаңалықтар тізбегі
0

«Штурм» фильмі Лос-Анджелесте өткен фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Штурм фильмі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 10:25 Сурет: Қазақфильм АҚ баспасөз қызметі
Режиссер Әділхан Ержанов түсірген жаңа фильм LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильм сюжеті Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан мектеп мұғалімі Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады.

Фильмдегі басты рольдерде Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемісов ойнайды.

Фильмнің сценаристі және режиссері Әділхан Ержанов

Продюсерлер: Серік Әбішев, Ольга Хлащева, Александр Плотников, Борис Хлебников, Наталья Дрозд, Анна Тихонова, Абылайхан Әшімов, Жайдарбек Күнғожинов. Қоюшы оператор: Айдар Шәріпов. Қоюшы суретші: Ермек Өтегенов. Композиторы: Ғалымжан Молданазар

«Штурм» – ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы. Сонымен қатар жобаны жасауға «Қазақфильм», Cinerental киностудиясы және әйгілі Nomad Stunts каскадерлер тобы атсалысты.

Еске сала кетейік, сәуір айында аталған фильм Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: