Жаңалықтар тізбегі
0

Музей күні: Алматыдағы үш музейде «Музей түні» шарасы өтеді

Қастеев атындағы өнер музейі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 16:29 Сурет: Zakon.kz
18 мамырда әлемдегі барша музей қызметкерлері кәсіби мерекесін тойлайды. Бұл күні дүниежүзіндегі әртүрлі музейлерде ерекше шаралар, өтіп, музей түні де ұйымдастырылады.

Музей күні алғаш рет 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің кезекті отырысында ресейлік ұйымның осы мәдени мерекені белгілеу туралы ұсынысы қабылданған кезде пайда болды. 1978 жылдан бастап бүкіл әлемде Халықаралық музей күні аталып өтеді. Zakon.kz бүгін Алматыда өтетін «Музей түні» шарасының бағдарламасын ұсынады.

Бүгін мерекеге орай Алматыдағы ірі үш музейде «Музей түні» шарасы өтеді. Атап айтқанда:

  • ҚР Мемлекеттік орталық музейінде;

  • Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде;

  • Алматы музейінде.

ҚР Мемлекеттік орталық музейде өтетін «Музей түні» шарасының бағдарламасы

  • ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 2022 жылдың 18 мамыры күні «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» мерекелік іс шарасын өткізеді.

  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, Мемлекеттік Орталық музейдің биылғы «Музей түні-2022» дәстүрлі акциясы талантты балалардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған. Акцияның негізгі бөлігі «Талантты балалар шеруі» республикалық балалар фестиваліне арналады.

  • Сонымен қатар «Музей түнінің» басты оқиғасы «Коворкинг балалар орталығының» ашылуы.

  • Орталықтың жұмысы балаларды музей әлемімен, ондағы тарихи құндылықтармен таныстыруға, сонымен қатар шығарамашылық бастамалар мен балалардың мүмкіндіктерін ұштауды ұйымдастыруға бағытталған. «Музей түні» мерекелік іс-шарасына кіру тегін.

  • Мемлекеттік орталық музейі "Балалар жылына" арналған "Менің бақытты балалық шағым" атты балалар шығармашылық көрмесін ашады. «Менің бақытты балалық шағым» көрмесіне Алматы қаласының көркемөнер мектептері мен бейнелеу студияларының, балалар клубтарының және шығармашылық даму орталықтарының түрлі жастағы оқушылары қатысады. Көрме 31 мамырға дейін жалғасады.

  • Мемлекеттік орталық музейі 18 мамыр күні сағат 19.00-де «Музей түні» акциясы аясында танымал қазақстанның әйгілі фотографы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, халықаралық, республикалық және қалалық байқаулардың лауреаты Максим Золотухиннің «Өзімнің арманым» атты фотокөрмесін ашады. Көрмеге Алматы қаласына арналған 35 жұмыс қойылды. Фотосуреттерде қала өмірінен сюжеттер түсірілген. Көрме 18 маусымға дейін жалғасады.

Орталық музей, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 16:29

Сурет: Zakon.kz

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде өтетін «Музей түні» шарасының бағдарламасы

10:00–24:00 арасында музейге кіру тегін

10:00-де музей залдарында қазақ/орыс тілінде экскурсия (тақырыптық, жалпылама)

12:00-де музей залдарында қазақ/орыс тілінде экскурсия (тақырыптық, жалпылама)

14:00-де музей залдарында қазақ/орыс тілінде экскурсия (тақырыптық, жалпылама)

Шеберлік сағат (әр түрлі жастағы аудиторияға):

11:00-13:00; 20:00-22:00 - Өрнектеп киіз басу (2500 тг) (фойе)

11:00-13:00; 20:00-22:00 - Мүсіндік фигуралар жасау (2500тг) (изостудия)

11:00-13:00; 14:00-23:00- Сазбалшықтан бұйым жасау (гончарное искусство) (2500 тг) (фойе)

11:00-13:00 «Балалар жылы» іс-шарасы аясында «Treasure Hunting» танымдық және интерактивті ойын музей конференц-залында өтеді.

14:00-де «Суретшіге хат» - балаларға арналған инреактивті ойын музей залдарында өтеді

16:00-де Халықаралық музей күні мерекесіне орай музейдің «Бейнелеу өнері» студиясының «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінде өткізілген пленэрлік «Дала таңбасы» атты көрменің ашылуы (изостудия)

«Халықаралық музей күніне» орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қызметкерлерінің «Көктем нұры» атты көрмесі – Акварель залы

16:30-да «Museum & Movie» жасөспірімдерге арналған интерактивті ойын (конференц зал)

17:00-19.00 Мерекелік концерттік бағдарлама

Ә.Қастеевтің шығармашылық залы, 1-Қазақстан бейнелеу өнері залы

К. Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық орта мамандырылған музыкалық мектебі – Орыс өнері залы, Батыс еуропа өнері залы

Үнді классикалық би және йога орталығы

19.00-21.00 – Қазақстан анимациялық киносының қауымдастығы ҚҚ президенті Г.Мырзашевтің анимация өнері бойынша ж-не

19.00-22.00 – "Қытай каллиграфиясы"

Қастеев атындағы өнер музейі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 16:29

Сурет: Zakon.kz

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК музейлерінде өтетін «Музей түні» шарасының бағдарламасы

19:00 – «Ұлы Дала алтыны» көрмесінің ашылуы

19.00-22.00 – Алматы қаласы Мәдениет басқармасына бағынышты ұйывмдар шығармашылық ұжымдарының концерті

19:00-00:00 – Музей ішінде тақырыптық экскурсия

19.00-22.00 – «Тарихи код»музейаралықквест

19.00-22.00 – «Тарихи пазл» көңілді аймағы

19.00-23.00 – Қыш ісі бойынша шеберлік сыныптары, тастарға сурет салу

19.00-23.00 – Тарихи костюмдер және реквизиттер бойынша фотоаймақ

20.00-22.00 – «Алматы. тарихие фактыілер» квест- викторина

20.00-23.00 – «Алмалықтан Алматыға дейін» костюмдік шеру

Ықылас атындағы халық аспаптары музейі

19.00-23.00 Қонақтар үшін экскурсия және көңіл көтеретін бағдарлама

19.00-22.00 «Тарихи код» музей квесті

19.00-21.00 «Ғасырлар үні» Гала концерті

22.00-23.00 «Ұлт руханиятын жасаушылар» фильмін көрсету

19.00-23.00 Музыкалық аспаптарды жасаушылар шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі

Д. А. Қонаев музейі

14.00-18.00 – «Димаш Ахметұлы туралы әңгімелер...»

19.00 - 22.00 – «Найди экспонат!» квест ойыны

21.00-22.00 – «Тарихи код» музей квесті

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені

19.00 – "Амангелді" алғашқы қазақ дыбыстық фильмінің көрсетілімі (Ленфильм, 1938, режиссері – М.Левин, сценарийі – Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, ЖС. Иванов)

Ғылым ордасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 16:29

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: