Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық спортшылар Өзбекстанда өткен қоян-қолтық ұрыстан 26 медаль жеңді

Қазақстандық спортшылар жүлделі оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10 Сурет: Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы
Жаһандық жарыс Өзбекстанның Бұқара қаласында ұйымдастырылды. Елімізден 40-тан астам спортшы бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жас спортшылар Бұқарада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 26 жүлде еншіледі, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Осылайша ел қоржынында 1 алтын, 5 күміс және 20 қола медаль бар. Командалық есепте құрама спортшылары үздік үштікке енді.

жеңіспен оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10

Сурет: Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы

Айта кету керек, тартысты додада қыздар да шеберлік байқатты. Жалғыз алтын жүлдені алматылық Олег Пехотин қоржынға салды. Финалдық сында өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

жеңіспен оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10

Сурет: Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы

«Ал өзге отандастарымыздың бабы келіскенімен, кейбірінің бағы жанбады, ал енді бірінің жолына төрешілер тосқауыл болды», - дейді құрама жаттықтырушылары.

Енді келер жылғы әлем чемпионатында есе қайтаруға мүмкіндік туады. Қазақстанның Қоян-қолтық ұрыс федерациясы ересектер арасында жаһан біріншілігін елімізде өткізу құқығын иеленіп отыр.

Қазақстандық спортшыларды қолдап, жеңіс тілеушілердің қатарында бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы Нұрлан Ермекбаевта болды.

спортшылар жүлделі оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10

Сурет: Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы

2 ай дайындалдық. 3 жекпе-жек өткіздім. Екінші кездесуім қиынырақ болды. Төрешілердің бұра тартқанына қарамастан жеңіп шықтым. Енді әлем чемпионатына дайындаламын. Олег Пехотин, қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы
3 мемлекет негізгі осы. Өзбекстан, Ресей, Қазақстан. Келесі жылы осы әлем біріншілігін алайық деп отырмыз. Сондықтан дайындық мәселелерін қарап, зерттеп келдік осы жерге.Ринат Әбекешов, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы төрағасының орынбасары

14-15 жас ұлдар

41 кг - Иманғали Санжар 3 орын

44 кг - Таиров Абдурасул 3 орын

48 кг - Құрманай Бекарыс 2 орын

52 кг - Желтов Егор 2 орын

67 кг - Пасхалиди Янис 3 орын

73 кг - Бакаев Алдияр 3 орын

+73 кг - Жетиген Мират 3 орын

16-17 жас ұлдар

48 кг - Сейт Диас 3 орын

57 кг - Пехотин Олег 1 орын

73 кг - Калинин Рубен 3 орын

80 кг - Ибраш Қүдайберген 3 орын

16-17 жас қыздар

48 кг - Асылбекова Сағыныш 3 орын

53 кг - Ларионова Эмилия 3 орын

64 кг - Дельманова Дания 3 орын

64+ кг - Жарасова Айгерим 3 орын

18-21 жас қыздар

53 кг - Шальнова Валерия 3 орын

64 кг - Чеботарева Мария 2 орын

70+ кг - Амантаева Дайана 2 орын

18-21 жас ұлдар

57 кг - Төлегенов Алихан 3 орын

62 кг - Таиров Абдурашид 3 орын

67 кг - Намазов Бауыржан 3 орын

73 кг - Искандеров Аслан 3 орын

80 кг - Шпека Николай 3 орын

88 кг - Пернебек Әліби 2 орын

97 кг - Саттарханов Саттархан 3 орын

+97 кг - Мұратұлы Алтынбек 3 орын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: