Өскеменде Смарт сағат пен көптеген ұялы телефонды түрмеге кіргізудің жолы кесілді

Заң бұзушылық Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ОВ 156/2 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған ұялы байланыс құралдарының түрмеге кіргізуінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс орталығының тұрғыны колонияның қоршауынан скотчпен оралған қара түсті орамды лақтыруға тырысты. Қоршау бойын бақылап жүрген мекеме қызметкері құқықбұзушыны байқап қалған. Ұсталған азаматтан көптеген смартфон, зарядтау құрылғылары, SIM-карталар мен Смарт сағат табылды.

Азамат бұл заттарды түрме аумағына лақтырмақ болғанын мойындады.

"Жазасын өтеушілер түрме аумағында тыйым салынған заттарды қолдана алмайды. Алайда, оларға ұялы байланыс құралдарын заңсыз жеткізу арагідік орын алып отырады. Колония қызметкерлері патрульдеу кезінде осындай әрекеттегі адамдарды ұстады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы, яғни "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру" бойынша жауапкершілікке тартылады. Осылайша олар өздеріне және жақындарына кесірін тигізуі мүмкін екенін түсінбейді", - деді ОВ 156/2 мекемесінің бастығы Еркін Кабин.

Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Заңсыздық

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз