Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бұрынғы әйелінің үйіне ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

ұры ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 10:59 Сурет: pexels
Абай ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматша өзінің бұрынғы күйеуі пәтерге жасырын кіріп, құны 50 мың теңге тұратын алтын жүзігін және құны 30 мың теңге тұратын төрт газ баллонын ұрлап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары куәлерден жауап алып, оқиға болған орынға жақын маңдағы бейнебақылау камераларын қарап, ер адамның айрықша белгілері бойынша жүрген жерін анықтады.

45 жастағы азаматты қала аумағынан ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бапқа сәйкес, қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: