Ер адам өзінің жаназасынан кейін үйіне оралған
Сурет: pixabay
Үндістанның Тамилнад штатының тұрғыны Мурти өз жерлеу рәсімінен кейін үйіне оралған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stan.kz жазған ақпаратқа сай, 55 жастағы күндізгі жұмысшы Мурти Тируппур қаласына қант қамысын жинауға барған. Алайда бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай хабарсыз қайтып оралмаған. Көп ұзамай оның жақындарының бірі отбасына ер адамның мәйіті аялдама маңынан табылғанын хабарлады. Муртидың ұлы денені әкесі деп таныған.
Полицейлер оқиғаны тіркеп, мәйітті отбасына тапсырды. Жерлеу рәсімінен кейін ертесіне Мурти күтпеген жерден үйіне тірі оралған.
"Ол үйге кіріп келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Барлығымыз шошып кеттік", - дейді Муртидің туыстары.
Полицейлер жерленген ер адамның кім екенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript