Ұлыбританияда Джонсонға сенімсіздік таныту вотумы бойынша дауыс беру жүргізіледі

Сенімсіздік вотумы Сурет: Instagram/borisjohnsonuk
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонға сенімсіздік таныту вотумы бүгін іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыс беруді өткізу талабы Үкімет басшысының партияластары тарапынан келіп түсті, деп хабарлайды ITV.

Консервативті партияның кем дегенде 15% депутаты, яғни 54 адам Джонсонға сенімсіздік таныту бойынша хатты "1922 комитеті" деп аталатын мекеме төрағасы сэр Грэм Брэдиге жолдады. Мұндай сипатта қанша хат келіп түскенін де тек осы адам біледі.

Брэдидің айтуынша, дауыс беру дүйсенбі, 6 маусымда сағат 18:00-ден 20:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ден 1:00-ге дейін) аралығында өтеді.

Қажетті дауысты жинай алмаса, онда Джонсон премьер-министр өкілеттігін тоқтатуға мәжбүр болады.

Британдық парламентшілер премьер-министрдің пандемия кезінде Даунинг-стритте өткен кештерге баруын бассыздық деп тапты. Борис Джонсон ол үшін кешірім сұрады, бірақ отставкаға кетуден бас тартты. Британдықтардың жартысынан көбі оның отставкаға кетуін қалайды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз