Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда көпқабатты үйлердің жертөлесін жыландар басып алған

жыландар қаптап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 10:36 Сурет: pixabay
Алматыда көпқабатты үйлердің кіреберісі мен жертөлесінде, қалың шөп арасында жыландар өріп жүр деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары үйлердің арасында өріп жүрген жыландардың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр, деп жазады turkystan.kz.

Мен ауданда жыланды жиі көремін. Олар көпқабатты үйлердің маңында жүреді. Біз қаланың шетінде тұрамыз. Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдай бастадық, – деді Алматыдағы «Зерделі» шағынауданының тұрғыны Әйгерім Абдан.

Бұл ақпаратты Алатау ауданында орналасқан №148 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Рая Шарапиева да растап отыр. Оның айтуынша, балабақша аумағында наурыз айында жыланға қарсы дезинфекция жүргізілген. Келесі кезең шілде айына жоспарланған.

Қала ішінде жыландардың пайда болуы – жаз мезгіліндегі ең өзекті мәселенің бірі. Олардың ауданда ғана көрінбей, балабақша аумағына да кіргені бізді алаңдатты. Бақытымызға орай, жылан ешкімді шаққан жоқ. Тәрбиешілермен бірге күнделікті түсіндіру жұмысын жүргіземіз. Балаларды далаға шығармас бұрын, ойын алаңдарын тексереміз. Әр топтың тәрбиешісі балалардың жанында, көзден таса қылмайды. Сондай-ақ ата-аналардан серуен кезінде балаларын ойын алаңдарында жалғыз қалдырмауын сұраймын, – деді Рая Шарапиева.

Зоология институтының герпетолог маманы Юлия Зима қала ішінде жыландардың неліктен көбейіп кеткенін түсіндірді.

Қала қарқынды дамып келеді, жыландар мекендеген далалардың орнында жаңа шағынаудандар пайда болып жатыр. Жерді игергеннен кейінгі алғашқы жылдарда да жылан шығады, бірақ бірте-бірте жоғалып кетеді, – дейді маман.

Оның айтуынша, Алматы қаласының маңында улы жыланның екі түрі ғана мекендейді. Олар – дала жыланы мен кәдімгі қалқантұмсық жылан. Мегаполисте адамдар көбіне өрнекті және су жыланын кездестіреді. Олар қауіпті емес. Шағып алса да, тез жазылып кетеді. Десек те, сақтық шараларын сақтаған жөн. Егер жылан шағып алса, міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: