Алматыда баланың арбасына дәрет сындырған ер адам ұсталды
Сурет: polisia.kz
Бұзақылық фактісі "Жас Қанат" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде орын алған
Алматыда балалар арбасына кіші дәрет сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркісіб аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, бұзақылық фактісі "Жас Қанат" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде орын алған.
Бұл эпизодқа қатысты жедел іс-қимыл қабылданды. Бейнебақылау таспасын мұқият зерттедік. Айыпталушы көрсетілген тұрғын ауданда тұрмайтынын анықтадық. Жеке басы кейін анықталып, ол бүгін ұсталды. 1977 жылғы С. есімді азамат "Саяхат" автовокзалының маңында пәтер жалдап тұрады. Анықталғандай, бұған дейін ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде мүліктік қылмыс үшін де. Ұсталған азамат өзінің заңсыз әрекеті кезінде мас болғанын айтты. Түркісіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Оның айтуынша, ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы бойынша қозғалған әкімшілік іс материалдары шешім қабылдау үшін МАӘС-на жолданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript