Полицейлер із-түзсіз жоғалған 19 ақмолалықтың орналасқан орынын анықтады

полиция көлігі Сурет: Zakon.kz
18 маусымда криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Зеренді ауданы ауылдарының бірінің аумағында хабар-ошарсыз кеткен 2006 жылы туған Н.Головашеваның орналасқан орынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бурабай АПБ кезекші бөліміне 1 маусымда кәмелетке толмаған Надежда Головашева үйден белгісіз бағытта кетіп, оралмағаны туралы өтініш келіп түскен болатын.

Сондай-ақ, 19 маусым Көкшетау қаласының аумағында хабар-ошарсыз кеткен облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының орналасқан жері анықталды, ол 6 маусым күні сағат 09.00-де үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Жалпы, жылдың басынан бері Ақмола облысының Полиция департаменті хабар-ошарсыз жоғалған облыс тұрғындары бойынша 24 іздестіру ісін тіркеді, олардың 19-ның орналасқан жері анықталды, сонымен қатар, полиция қызметкерлері 18 жасөспірімді үйлеріне қайтарды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз