Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте жол құрылысы қарқынды

Шымкентте жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 11:39 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Үшінші мегаполисте қала шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары бекітілген. Соған сәйкес, жыл сайын 200 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауапты мамандардың мәліметінше, биыл қала орталығындағы үлкен көшелер мен шалғай аудандардағы жолдарды қосқанда 187 нысан жұмыс жоспарына енгізілген. Тиісті жұмыс нәтижесінде ұзын-саны 350 шақырымнан астам жол қалпына келтіріледі.

Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 11:39

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оған қоса биыл ірі 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Қонаев даңғылы жалғасының 3-кезеңінің жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталмақ. Бүгінде жұмыстың 90 пайызы аяқталды.

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 11:39

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

А-2 автомобиль жолының 2-кезеңінде қаралған жолайырық құрылысының жартысы орындалса, Самал-1, 2 және 3 шағынаудандарында 12,2 шақырым жол салынып, ел игілігіне берілді. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы жүзеге асқан. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелесінің қиылысындағы жолайрық жұмысының да 90 пайызы аяқталып, қиылыстағы жолаушылар өткелін салу жұмыстарының да біткелі тұр.

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 11:39

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда жол құрылысы жұмыстарына барлығы 38 мердігер мекеме жұмылдырылған. Ал 61 көшедегі тиісті жұмысты жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 11:39

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: