Атырауда жарты тоннадан астам бағалы балық тәркіленді

балық аулады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 13:28 Сурет: pixabay
Атырауда бағалы бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдағандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға қала іргесіндегі Дамбы ауылының маңында болды. Инспекторлар теңіз бағытынан келе жатқан қос моторлы ямаха-200 қайығын тоқтады, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда су көлігіндегілер талапқа бағынбай қаша жөнеледі. Кейін ауыл маңына тоқтап ізін суытып үлгереді.

Қайықтан қапқа бөлініп салынған 534 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Полиция 3 браконьерді іздеп жатыр. Қазір тергеп, тексеру жүргізілуде.

Осыған ұқсас жағдай Дамбы ауылында мамыр айында да болды. Ол кезде құрудың аз-ақ алдында тұрған 67 келі бағалы балық түрі тәркіленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: