Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерде ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистенттер көбейді

бала, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 13:59 Сурет: pixabay
Балалар жылында отандық мектептерде педагог-ассистенттердің саны екі есе өскен. Ол үшін мектептердің штаттық кестесіне педагог-ассистенттердің жаңа штаты енгізіліп, олардың саны 700-ден 1 454 маманға дейін көбейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ел мектептерінде педагог-ассистент лауазымы енгізілген еді. Мұндай мамандар ең әуелі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көбірек көңіл бөлуді талап ететін инклюзивті оқытуда сұранысқа ие. Педагогтер олардың мектепке және оқу үрдісіне бейімделуіне көмектеседі.

Осыған дейін министр Асхат Аймағамбетов осындай штат енгізуді тапсырған еді. Енді бір жарым мыңға жуық педагог-ассистент ерекше балалар оқитын мектептерде жұмыс істеп жатыр.

Бұл мұғалімнің өзін алмастыра алмайды. Десе де педагог-ассистенттер ерекше роль атқарады. Олар балаларға бағыт беріп, оқу үрдісіне бейімделуге жәрдемдеседі. Ерекше қажеттілігі бар балалар өзі қозғала алмаса, педагог-ассистенттер техникалық жағынан сүйемелдейді немесе балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық жағынан қолдап жібереді, – деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сонымен қатар педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары оқушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімделеді. Педагог-ассистенттер өткен материалды меңгеруге көмектесіп қана қоймай, ерекше баланың дағдыларының даму деңгейін де бақылайды. Олар ерекше білім алуды қажет ететін балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қажет жағдайлардың сақталуын қадағалайды.

Қазір министрлік мектепке дейінгі ұйымдарда да педагог-ассистент лауазымын енгізуді қарастырып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: