Шымкентте бойжеткен қонақ үйдің 3 қабатынан секірмек болды

Терезеден секірмек болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 11:58 Сурет: pixabay
3 шілде күні сағат 21:40 шамасында полицияға хабарлама келіп түскен: жас қыз қаладағы қонақүйлердің бірінің үшінші қабатынан секірмек болған. Күйеуімен жанжалдасып, шарасыз қадамға барғаны белгілі болды. Полицейлер қызды өз-өзіне қол жұмсаудан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы қыздың өмірін аман алып қалды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105 -бабы бойынша тіркелді. Яғни «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу». Шымкент қаласы ПБ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: