Түркістан облысының тұрғыны ұрланған сиырын Ауди көлігімен тасымалдаған

Сиыр ұрлады Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысының полицейлері сиыр ұрлаған күдіктіні ұстады. Іскер азамат жануарды көлікпен тасымалдауға бел буған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі рейд барысында тәртіп сақшылары күдікті Ауди 100 көлігін тоқтатқан.

Жүргізуші заңды талаптарға бағынбай, қашып кетпек болған. Алайда ол қамауға алынды. Полицейлер көліктің артқы орындығын тексеру кезінде сиырды тапты. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, күдікті жергілікті әйелдің малын ұрлап, үйіне жасырмақ болған.

Алайда, мал ұрлаушы жоспарын орындай алмады. Айғақты зат ретінде ұрланған сиыр тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188- бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз