Геннадий Головкин жерлесі Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Әлеуметтік желі Сурет: Twitter/Wimbledon
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отандасын құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Twitter-дегі теннистен Wimbledon турнирінің ресми парақшасында қазақстандық Елена Рыбакинаның жеңісі туралы жарияланым астына бүкіл әлемнің жанкүйерлерінен көптеген құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Олардың арасында атақты қазақстандық боксшының құттықтауы көзге ілінеді.

Елена Рыбакинаны Wimbledon-дағы тарихи жеңісімен құттықтаймыз! Алға Қазақстан! Геннадий Головкин

9 шілдеде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Ұлыбританияның Ашық чемпионаты – Wimbledon беделді теннис турнирінде жеңіске жетті. Финалда қазақстандық әлемдегі екінші ракетка, Тунис спортшысы Онс Жаберді ұтып кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз