Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні
Сурет: Instagram/gggboxing
Бүгін, яғни 8 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қырық жасқа келген туған күнін атап өтеді. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мерейтойын Токиода тойлап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Геннадий Головкин – The Ring журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазіргі IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBA және WBC орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.
Головкин бокс әлемінде жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын жеңген қарымды нокаутер ретінде танымал.Ол тоғыз жыл қатарынан: 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Спортшының есімі орта салмақтағы нокауттардың ең жоғары пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Головкин өзінің 44-жекпе-жегін 9 сәуірде WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуде өткізеді.
Мен қырыққа келемін, өзімді әлі де керемет сезінемін. Қашанға дейін жұдырықтасамын? Күшім сарқылғанша. Жекпе-жектерге өзім үйренген деңгейде дайындалуға шама келгенше. Ал спортта ұзақ жүруімнің сыры неде? Жаман әдеттің жоқтығы. Геннадий Головкин
Геннадий жұбайы Алина екеуі үш бала тәрбиелеп отыр: олардың бір қызы мен екі ұлы бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

