Геннадий Головкин мемлекет басшысына алғыс білдірді
Сурет: instagram/gggboxing
8 cәуір – Геннадий Головкиннің туған күні. Бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 40 жасқа толды. Ол туған күнін осы жолы Токиода тойлап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін», – деп жазылған Президенттің құттықтауында.
Ал Геннадий Головкин өзінің Twetter-дегі парақшасында Мемлекет басшысына алғысын білдірді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, жылы лебізіңіз бен ілтипатыңызға көп рақмет. Елімізді әлемге таныту – мен үшін үлкен мәртебе. Қолдауыңыз үшін сізге және бүкіл Қазақстанға рақмет! – деп жазды Геннадий
— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) April 8, 2022Большое спасибо, Касым-Жомарт Кемелевич, за тёплые слова и уделённое внимание. Для меня большая честь представлять нашу страну в мире. Спасибо Вам и всему Казахстану за поддержку!🙏🏻🇰🇿 @TokayevKZ https://t.co/edeh9Y3vb7
Сонымен қатар боксшы бүгін Instagram-дағы парақшасында бауырсақтармен түскен фотосын бөлісіп, «қазақша диетадамын» деп жазды.
Қазақша диета! Ал енді өзіміз отырып шай ішейік, – деп жазды Головкин.
Тағы оқыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript