ҰҚК Нұрлан Мәсімовті ұстау кезіне қатысты тың ақпаратпен бөлісті
Сурет: видеодан алынды
ҚР ҰҚК Нұрлан Мәсімовті ұстауға қатысты толығырақ мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомства баспасөз қызметі Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталғанын жеткізді.
Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Нұрлан Мәсімовті ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді. Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript