Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан медаль жеңіп алды

Қазақстан оқушылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 13:10 Сурет: Facebook/Askhat Aimagambetov
Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадалардағы жетістіктерімен бізді қуантуды жалғастырып келеді. Географиядан халықаралық олимпиадада біздің оқушылар бір алтын және бір қола медаль жеңіп қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл зияткерлік жарыстарды Франция ұйымдастырды. Бұл сайыстарға әлемнің 54 елінен 216 оқушы қатысты. Ұлттық құрама қоржынына алтын медальді Санжар Хамитов (Ақтөбе) әкелсе, Еркебұлан Тазабек (Шымкент) қола жүлдені еншіледі.

Бұл еліміздің беделді олимпиадаға қатысу тарихындағы қазақстандықтардың екінші алтын медалі екенін атап өткім келеді. Оқушыларды жеңісімен құттықтаймын! Біз сендерді мақтан тұтамыз. Сонымен қатар балаларға сапалы білім беріп жатқан ұстаздарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Дарынды балаларды тәрбиелеген ата-аналарға да рақмет. Биыл осындай олимпиадалардың жеңімпаздары бұрын-соңды болмаған қолдау шараларына ие болады, – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Биыл президенттің тапсырмасы бойынша қомақты ақшалай сыйақы төлеу және отандық ЖОО-ларға ҰБТ тапсырмай-ақ қабылдау қарастырылып отыр. Алтын медаль алған оқушыға шамамен 4,5 млн теңге, күміс медальға 3 млн-нан аса теңге, қола медальға 1,5 млн-нан аса теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: