«ҰАТ» АҚ серверлік орталығындағы ақауға байланысты ХҚО-ларда клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылды

Бүгін, 3 тамызда «ҰАТ» АҚ серверлік орталығындағы ақпараттық жүйелерден ақау табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар: Egov.kz АЖ, SB.egov.kz, Ашық үкімет порталдары, Мобильді үкімет, ЖТ МДҚ, ЕЛ МДҚ, ЭҮТШ, ЭҮСШ.
Өкінішке қарай, бұл жүйелер ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысына тікелей әсер етеді, сондықтан Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінде клиенттерді қабылдау уақытша мүмкін болмай тұр.
Келтірілген қиындықтар үшін кешірім сұраймыз. Жұмыс қайта қалпына келтірілгенде қосымша хабарлайтын боламыз.
Бөлісу
0
Толық оқу