"ҰАТ" АҚ сервистері уақытша жұмыс істемейтіні ескертілді

e-Gov, ҰАТ, сервистер, техникалық жұмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2025 15:58 Сурет: krisha.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылы 7 маусымда қазақстандықтарды құлаққағыс етіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себебі - "ҰАТ" АҚ сервистерінің қызметіне қолжетімділік шектеулі.

"Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымыз өздеріңізге ыңғайлы әрі тиімді болуы үшін үнемі жұмыстар жүргіземіз. Осындай жұмыстар аясында үнемі техникалық жұмыстар да жүргізіліп отырады. Осыған байланысты 7 маусымда сағат 21:00-ден 8 маусымдағы 08:00-ге дейін "ҰАТ" АҚ-мен байланысты жобалар қысқа мерзімге қолжетімсіз болуы мүмкін", - деп ескертті ведомство.

Қазақстандықтарға түсіністік танытқандары үшін алғыс айтылып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Бұған дейін кеше кешкісін әртүрлі елдердегі YouTube қолданушылары видео хостингтің дұрыс жұмыс істемей тұрғанына жаппай шағымданғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: