Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі табылды
Қыз суға батып кетті. Толық ақпаратты кейінірек береміз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кеткен еді. Баланы 18 бен 13 жастағы үлкен әпкелері қарап қалған. Олар таңертең оянған кезде қыздың үйде жоқ екенін байқаған. Полицияны қыздың анасы шақырды.
Қостанай облысында қыз жоғалды: куәгерлер оны соңғы рет қашан көргенін айтты.
10 тамыз күні жедел штаб азық-түлік пен сусынға шар байлап, тастап кету туралы шешім қабылдады. Бұл бір жағынан, іздеу жүйелеріне арналған сигналдық белгі болса, екінші жағынан, қыздың назарын аударуы мүмкін.
Қостанай облысында жоғалған қызға шар байланған сусындар қалдырылып жатыр
Қызды жанашыр азаматтар, сонымен қатар Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері іздеп жатыр.
Қостанай облысында жоғалған қызды іздеушілерге нейропсихолог кеңес берді
Бүгін Қостанай облысының полиция департаменті қызды іздеу шарасы баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Соған байланысты олар аумақты тінту бағытын өзгерткен.