92 елде 35 мыңнан астам адамнан маймыл шешегі анықталды – ДДСҰ

ДДСҰ, маймыл шешегі, Америка, Еуропа Сурет: flickr
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) директоры Тедрос Аданом Гебрейесус соңғы аптада 7,5 мыңға жуық адам вирус жұқтырғаны анықталғанын, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 20%-ға көп екенін айтты. Маймыл шешегінен барлығы 12 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, маймыл шешегін жұқтырғандар туралы хабарлардың басым бөлігі Еуропа мен Америкадан келген. ДДСҰ басшының айтуынша, сөз ер адамдармен интимдік қарым-қатынаста болған ер адамдар туралы болып отыр. Ол вирус анықталған елдерге «тиімді құралдарды қолданып, соның ішінде ауруды бақылауды арттыру және ауруды жұқтырған адамдардың сау адамдармен байланысын мұқият анықтау» арқылы аурудың таралуын болдырмауға назар аударуды ұсынды.

Вакциналар маймыл шешегін індетін бақылауда маңызды рөл атқара алады және көптеген елде вирус тіркелген қауымдастықтар тарапынан вакцинаға сұраныс жоғары, – деді Гебрейюс.

Қазір вакциналарды жеткізу мен оның әсері туралы деректер шектеулі болып тұр, дегенмен ұйым кейбір елдерден деректерді ала бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз