Роман Скляр Нұр-Сұлтанға бұрынғы атауын қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді

Пікір Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр "Жаңа Қазақстан" депутаттар тобының елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда атауын қайтару туралы идея қоғамда бұрыннан талқыланып келеді. Әрине, назар аударатын жағдай. "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы оны талқылауға ұсынды. Менің ойымша, қоғамдағы белгілі бір талқылаудан кейін оны Парламент те өз қарауына алады, сондықтан әліптің артын күте тұралық. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр

Ол ұсыныс жасалғанын, ортаға "таяқ тасталғанын" жеткізе отырып, енді мұны қоғам қалай қабылдайтынын ескеру керектігін де айта кетті.

Мен де қоғам өкілімін, Қазақстан Республикасының азаматымын. Әрине, менің де өз пікірім бар, бірақ өзім бұл сөзімді мемлекеттік қызметші ретінде емес, Қазақстанның азаматы ретінде айтып отырмын. Кейінірек бұл туралы кеңірек айтып берермін, күте тұрайық. Бұл кеше ғана жария етілген ұсыныс, сондықтан ойлануға және шешім қабылдауға біраз уақыт қажет. Роман Скляр
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз