Скляр Шөкеевтің отставкасы туралы: Шешім дұрыс
Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы. Ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарады. Оны саяси ауыр салмақтағы адам деп атауға болады. Оның қабылдаған шешімі өте дұрыс болды. Ал мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкер кінәлі деп танылған кезде оның басшысы тікелей жұмыстан босату туралы өтініш береді, оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе қабылдамайды, ол басқа сұрақ. Демек, Өмірзақ Шөкеевтің істегені дұрыс. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр
26 тамызда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ерекше ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған қол астындағы Кентау қаласының әкіміне байланысты қызметінен кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript