Өртенген қару-жарақ дүкені үйіндісі астынан екі ер адам өлі табылды
Сурет: Қостанай облысы ТЖД
Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар 20 және 35 жастағы ер адамдар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған өртті сөндіру кезінде 50% дене күйігімен қалалық ауруханаға ауыр халде дүкен директоры жатқызылды. Сондай-ақ, үйінділердің астынан жеке басы әлі анықталып үлгермеген екі ер адамның денесі табылды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейное палата" дүкені өртеніп кетті. От жақын маңдағы ТЖО, асхана және 8 жеке тұрғын үйдің шатырына ұласып, алапат өртке айналды. Оқиға орнында жоғары деңгейдегі дабыл белгісі бойынша облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 40 адамы мен 12 техникасы жұмыс істеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript