Алматы қалалық мәслихаты Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Алматыдан Қостанайға әлеуметтік көмек жіберілді Сурет: Zakon.kz
Гуманитарлық көмекке тез бұзылмайтын өнімдер ұн, қант, күріш, қарақұмық, макарон өнімі, өсімдік майы, ауыз су, консервілер, сонымен қатар, төсек-орын жабдықтары мен гигиена құралдары кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төсек жабдықтары қиын жағдайға тап болған әйелдерді әлеуметтік қолдау “Бақытты отбасы” орталығының қолдауымен көп балалы аналардың тігін цехынан сатып алынды. Жалпы 200 төсек-орын тысы сатып алынды.

Алматы қалалық мәслихаты атынан Қостанай облысына гуманитарлық көмек жібергелі жатырмыз. Жүк көлігіне 20 тоннадан астам зат тиелген. Оның ішінде тамақтан ұн, күріш, қант, сүт, май, консервілер, сонымен қатар төсек жабдықтары мен гигиеналық заттар бар. Алматы қаласының мәслихат депутаты Әміржан Нәбиев

Әміржан Нәбиевтің айтуынша, бүгін Алматыдан бірнеше жүк көлігімен гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Ал кеше Amanat партиясы мен қалалық әкімдіктен екі жүк көлігі Қостанай облысына қарай аттанды.

Әлеуметтік көмек көрсетілді

Сурет: Zakon.kz

Алматы қалалық мәслихаттың хатшысы Станислав Канкуров бұл көмек тек мәслихат депутаттарының өз қаржысынан жиналғанын айтты. Депутаттар арасында кәсіпкерлер де бар. 20 тоннадан астам гуманитарлық көмекке барлығы 15 миллиондай қаражат жұмсалған.

Жүк көлігі Қостанай облысына шамамен үш тәулікте жетеді.

Гуманитарлық көмекті жасақтауға Amanat және “Ақ жол”, “Қазақстан халық партиясы”, “Ауыл” партияларының депутаттары белсенді қатысты.

Қазір Қостанай облысында ірі орман өртін сөндіру жалғасып жатыр. Өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Өрт маңындағы бірқатар ауылдардан 1841 адам эвакуацияланды. Қазақстанның барлық өңірінде қаражат жинау және гуманитарлық көмек қалыптастыру басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз