Зейнетке шығатын әйелдердің үштен бірі жұмыссыз

Зейнетақыға шығатын әйелдер жұмыссыз Сурет: Zakon.kz
Жолдауда Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір жауапты министрлік заңға өзгерістер енгізіп жатыр. 61 жаста зейнетке шығатын әйелдердің нақты саны жақында белгілі болады, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Елімізде 50-мен 60 жас арасындағы әйелдердің үштен бірі жұмыссыз, яғни зейнетақысы төмен болады. Сондықтан оларды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама жұмыс істеп тұр.

«Күміс жас» аясында зейнет жасына тақаған азаматтарды, оның ішінде әйел азаматшаларды жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, кеңесші деген лауазымдарына жұмысқа орналастырылады. Ол жұмыс үшін оларға еңбекақы төленеді. Мысалы, 2023 жылы осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасқандарға 90 мың теңге шамасында еңбекақы төленетін болады. Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз