Салтанат Тұрсынбекова: Әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін қысқарту керек
Ол ұсынған бағдарлама қазақ отбасыларының мүддесіне құрылған. Ол үшін әлеуметтік мәселелер бірінші орында.
Оның айтуынша, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қайта қарау қажет.
Тұрсынбекова да кедейшілікпен күресу, баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырғысы келеді.
Отбасыларға аналық капитал беріп, барлық балаларды жәрдемақымен қамтамасыз ету керек. Салтанат Тұрсынбекова
Сондай-ақ, ол халықтың қарыз ауыртпалығын азайтуды, мұқтаж отбасылардың қарыздарын жоюды жоспарлап отыр. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, халықты сапалы біліммен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Ынталандыратын салық жүйесін құру өте маңызды, жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті салықтан босату керек. Орта бизнес үшін жеңілдік режимін енгізу. Бірақ ірі және әсіресе ойын бизнесі үшін, керісінше, салықты көбейтеді. Салтанат Тұрсынбекова
Тұрсынбекова атап өткендей, Қазақстан аса маңызды өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларына деген қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, ішкі нарықты дамытуы қажет, әйтпесе ел халықаралық жағдайдың өзгеруіне тәуелді болып қала береді.
Кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.