Салтанат Тұрсынбекова Қарақат Әбденді командасына қосылуға шақырды
Сурет: Facebook.com/saltanat.tursynbekova.3
14 қарашада президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Facebook парақшасында видео жариялады. Ол Қарақат Әбденді сайлау додасынан бас тартып, штабына кіруге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Қарақат Әбденнің бағдарламасын талдап, кездесулерін сараптай келе, "кей тұстарда ойлары тоғысатынын түсінгенін" атап өтті.
"Екеуміз де әйелдің қоғамдағы орнын, оның маңыздылығын айтып жүрміз. Бірақ айта кетейін, Қарақат Жақсылыққызының саяси тәжірибесі аз, сайлаушылармен кездесулерде оның бағдарламасының жөн-жосығын түсіндіріп, мәдени-бұқаралық іс-шаралары үшін түсініктеме беруіме тура келеді".Салтанат Тұрсынбекова
Сол себепті Салтанат Тұрсынбекаованы Қарақат Әбденді өз командасына шақыратынын айтты.
"Әйелдердің дауысы басым әрі анық шығуы үшін біз бірігуіміз керек" деп есептейді ол.
Сайлаушылардың дауысын екіге бөлмей-ақ қояйық. Қарақат Жақсылыққызы, сайлау науқанынан бас тартып, менің командама, штабыма қосылыңыз. Әйелдер мен отбасының мүддесін алға жылжытуға бірге күш салайық. Оның үстіне, менің қарсыласым ұсынатын бастамалардың көбі менің сайлауалды бағдарламамның бір блогында ғана – "Халықты әлеуметтік қорғауда" қамтылған. Дегенмен, мен сот-құқықтық реформаны, мемлекеттік институттарды демократияландыруды, азаматтық қоғамды дамыту үшін елеулі өзгерістерді де ұсынамын.Салтанат Тұрсынбекова
Ол сөзін қорытындылай келе, құқық қорғаушы екенін, көп жылдар бойы әйелдердің құқығын қорғаумен айналысып келе жатқанын айта келе, "қазақ әйеліне, қазақ отбасына не керек екенін бес саусағындай білетінін" тілге тиек етті.
Тағы да қайталап айтамын, Қарақат Жақсылыққызы, менің командама қосылыңыз, бірге жұмыс істеп, ұсыныстарыңызды сайлаушыларға жан-жақты жеткізуге уәде беремін.Салтанат Тұрсынбекаова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript