Instagram Қарақат Әбденнің парақшасын бұғаттады
Сурет: Facebook/abdenova.karakat
17 қарашада Instagram президенттікке үміткер Қарақат Әбденнің парақшасын бұғаттап қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желідегі парақша уақытша бұғатталған. Президенттікке кандидаттың айтуынша, оған қолжетімділік қалпына келтіріледі.
"Құрметті достар! Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшамды Facebook қызметі уақытша бұғаттады. Парақша жойылған жоқ", - деп жазды Қарақат Әбден Facebook парақшасында.
Техникалық қызметтің мәліметінше, Facebook аккаунты трафик пен белсенділіктің күрт артуына байланысты сынақтан өтіп жатыр.
Қарақат Әбденді 7 қазанда Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Ол - қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript