Жаңалықтар тізбегі
0

Әулиекөл ауданындағы ірі орман өрті толықтай сөндірілді

Жақсы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2022 13:26 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысы ТЖД жедел штабы өз жұмысын аяқтады. Дегенмен 73 адам мен 21 техника оқиға орнында қала береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қыркүйекте сағат 10:00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті толықтай сөндірілді, 7 қыркүйекте сағат 15:00-де өрт ауыздықталған болатын.

Айта кетсек, 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген болатын.

Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Екі елді мекендегі 91 тұрғын үй жанып кетті.

Эвакуацияланғандар үйлеріне оралды, қалғандары туыстарында қалды. Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам эвакуациялан болатын.

12 адам өрт кезінде жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттар, күйіктер алып, уланды. Бүгінде зардап шеккен 3 адам Әулиекөл аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

1935 жылы туған бір адам қаза тапты.

Жедел штаб жұмысы басталғаннан бері ТЖМ жедел желісіне 38 қоңырау келіп түсті. 87 азаматқа консультациялық-психологиялық көмек көрсетілді, 45 баламен топтық психологиялық жұмыс жүргізілді.

Тікұшақтар әуеден 327 рет су шашты.

Өртті сөндіруге 1 785 адам және 207 бірлік техникадан құрылған күштер және құралдар жұмылдырылды.

Оқиға орнында Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармасы 73 адам және 21 бірлік техникадан құрылған күштері мен құралдары қалып отыр.

Жедел штаб өз жұмысын аяқтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: