Әулиекөлдегі орман өрті: Елордадан көмекке десантшылар келіп жетті
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысына жан-жақтан қосымша күштер мен құралдар келіп жетуде. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелері де тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірге әскери тікұшақпен елордадан десантшылар келіп үлгерген.
Бұдан бөлек, оқиға орнына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан арнайы техника (25 техника және 50 әскери қызметкер) колоннасы аттанды. Облысқа "Астана" өңірлік қолбасшылығынан шамамен 10 арнайы техника да жолға шықты.
Қазақстан ӘӘК-ке тиесілі өрт сөндіру жүйесі бар 4 көліктік-жауынгерлік тікұшақ көкке көтерілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

