Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да дауыл салдарынан дала өрті өршіп, ақтөбелік өрт сөндірушілер көмекке аттанды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 21:15 Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
10 шілдеде Ақтөбе облысының ТЖД күштері мен құралдары Батыс Қазақстан облысына дала өрттерін сөндіру үшін көмекке аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"10 шілдеде Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен 5 бірлік техникасы Батыс Қазақстан облысында болған құрғақ шөп өртену ошақтарын сөндіруге көмек көрсету үшін жолға шықты". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


БҚО-дағы дала өрттерін сөндіру үшін Астанадан Қазавиақұтқару-875 тікұшағы ұшып шыққаны да нақтыланады. 

Сағат 17: 30-дағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында 34 құрғақ шөптің жану фактісі тіркеліп, қазіргі уақытта 20 өрт ошағы жойылды.

"Орал қаласында, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов аудандарында және Бәйтерек ауданында 14 өрт ошағы бақылауда. ТЖД базасында жедел штаб құрылды, оның құрамында барлық коммуналдық қызметтер бар. Ең күрделі жағдай Теректі ауданында қалыптасуда. Айтиев ауылындағы жағдай тұрақтанды (жану алаңы 50 га: 26 га мемлекеттік орман қоры және 24 га құрғақ шөп, 2 шаруашылық ғимараттар), 10 үйдің тұрғындарын қауіпсіз орындарға оқшаулау және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде (44 адам қауіпсіз орындарға эваудаланды, оның ішінде 16 бала)".БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ өңірде дауыл тұрып, Орал қаласының көп бөлігі жарықсыз қалғаны да айтылады.

Батыс Қазақстан АЭЖК ЖШС күшімен (40 адам және 10 адам) электр жарығы кезең-кезеңімен іске қосылуда. Облыс бойынша дауылды ескерту жарияланғанын еске сала кетелік. 10 шілдеде өңірде 35-39 градус аптап ыстық болды. 10-11 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары екені ескертіледі. Өңірдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында күндіз соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

"Қазіргі уақытта облыс бойынша жағдай күрделене түсуде, өрттің барлық фактілері ТЖ департаментінің ерекше бақылауында". БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: