Қарағандыда жазасын өтеуші Геннадий Головкиннің портретін салды

Геннадий Головкин, портрет, Қарағанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 13:58 Сурет: polisia.kz
Қарағанды ​​облысында сотталған адам спортшы Геннадий Головкиннің портретін салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталғандар қазақ боксшысына осылайша қолдау көрсетуге бел буыпты. Олар Геннадий мен Альварестің жекпе-жегі көңілін түсірмегенін әрі Қазақстанның чемпионына одан сайын тәнті болуға негіз болғанын атап өтті.

Мамандығым суретші. Соңғы туындымды Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне арнадым. Жазасын өтеуші

Сурет: polisia.kz

Геннадий Головкиннің портретін мекеме қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының Г. Головкин GGG атындағы спорттық-сауықтыру кешеніне тапсырды.

Сурет: polisia.kz

GGG атындағы Қарағанды қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бас инженері Юрий Сергеевтің айтуынша, суретші Геннадийдің жылы көзқарасы мен қайсарлығын ерекше бедерлеген.

18 қыркүйекте GGG тағы да Альварестен жеңіліп қалды. Бірінші және екінші жекпе-жектерден айырмашылығы бұл жолы боксшылар 76,2 келі салмақ дәрежесінде кездесті. Бұл Головкиннің осы салмақтағы дебюттік жекпе-жегі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: