Желідегі жаңа алдау схемасы: Геннадий Головкиннің жалған жарнамасына сенбеңіз

Желідегі жаңа алдау схемасы: Геннадий Головкиннің жалған жарнамасына сенбеңіз, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 14:54 Сурет: Instagram/gggboxing
Желіде танымал боксшы Геннадий Головкиннің "жаңа инвестициялық жобасы" туралы жалған ақпарат тарауда. Ақпараттық бюллетень авторлары жобаға қатысу арқылы байып кетуге болатынына сендіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Интернет-алаяқтарды әшкерелейтін Aqparat saqshysy Telegram-арнасының мамандары қазақстандықтарға мұның қаскөйлердің кезекті схемасы екенін ескертті.

"Геннадий Головкиннің бұл күмәнді схемаларға ешқандай қатысы жоқ. Алаяқтар оның атын, фотосуретін және ойдан шығарылған дәйексөздерін алаяқтық мақсатта пайдалануда".
Желідегі жаңа алдау схемасы: Геннадий Головкиннің жалған жарнамасына сенбеңіз, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 14:54

Сурет: Telegram/aqparatsaqsysy

Маңызды ақпарат та жарияланды:

"Егер сіз белгілі спортшының атынан "жеңіл ақша", "ерекше мүмкіндік" немесе "автоматты түрде ақша табу" туралы уәделері бар жарнамаларды көрген болсаңыз – жай ғана өтіп кетіңіз және жақындарыңызға ескерту жасаңыз".

Бұған дейін қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері Берлинде тағылымдамадан өтуде екендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: