Жаңалықтар тізбегі
0

Владимир Путин Астанада өткен баспасөз мәслихатында Украинадағы жағдайды тілге тиек етті

Астанадағы баспасөз мәслихаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 19:16 Сурет: kremlin.ru
Астанада РФ президенті Владимир Путиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Путин Қазақстанға екі маңызды оқиғаға, яғни Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті мен ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан РФ президентінің ресми сайты трансляция жүргізіп жатыр.

Путин Украинадағы жағдайды негізінен тілге тиек етті.

Владимир Путин Қырым көпірі жарылысы кезіндегі жарылғыш заттардың қайдан жеткені белгісіз екенін айтты.

Федералды қауіпсіздік қызметі жарылғыш заттар Одессадан теңіз арқылы жеткен болуы ықтимал (...) дегенді келтіреді, бірақ бұл факт нақты анықталмаған, - деді Ресей президенті.

Алайда, деп сөзін ары жалғастырған Путин: "Қазіргі уақытта жарылғыш заттар астық таситын кеменің көмегімен жеткізілген бе, әлде олай емес пе, бұл да нақты анықталмаған факт", - деді.

Осылай дей келе Владимир Путин, Қырым көпіріндегі теракт кезіндегі жарылғыш заттар Одессадан астық таситын кеме арқылы шығарылғаны рас болса, онда Ресей астық дәлізін жабатынын айтты.

Сондай-ақ, Ресей президенті Украинадағы жағдайды реттеу жұмысына Қытай мен Үндістанды да қосу керектігін жеткізді.

Киев келіссөздерге тыйым салатын шешім қабылдады, одан кейін не айтуға болады. Украина билігі Ресей әскерлері Киевтен сәл алшақтаған бойда келіссөздер жүргізуге деген құлшынысын жоғалтты. Ресей Президенті Владимир Путин

Сондай-ақ Владимир Путин екі апта барысында ішінара мобилизация науқаны өз мәресіне жететінін айтты. Оның айтуынша, қазір 222 000 адам әскерге шақыртып алынған.

Путин Украинадағы жағдай, әсіресе Ресейдің ТМД елдерімен қарым-қатынасына әсер етпейтініне назар аударды.

Бұл форматтардың барлығы жұмыс істеп тұр, демек олар сұранысқа ие және біздің одақтастарымыз бен серіктестеріміз осындай форматтарда жұмыс істеуге құлықты. Бұл жағынан ештеңе өзгермейді. РФ президенті Владимир Путин

Бұл ретте Ресей басшысы Әзербайжан мен Армения, Тәжікстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасын мысалға келтірді.

Соңғы кездері Ресей Азия үшін әлдеқайда тартымды бола түсуде, - деді Путин "Известия" тілшісіне.

Сауда көлемі алдыңғы жылдарға қарағанда жоғары қарқынмен өсуде. Біз жаңа логистикалық тізбектерді дамытып жатырмыз, өңір елдері бұған мүдделі, кооперация тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Ресей Президенті Владимир Путин

Кездесу барысында "Индонезиядағы G20 саммитінде АҚШ пен Ресей президенттерінің келіссөздері жоспарланған ба" деген сұраққа да жауап берді. Путин Джо Байденмен келіссөздер жүргізу қажеттілігін байқап отырмағанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: