Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада әлемнің 27 елінен еріктілер жиналады

Астанада әлемнің 27 елінен еріктілер жиналады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2024 09:14 Сурет: pixabay
Астанада әлемнің 27 елінің еріктілері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) қозғалысының көшбасшылар слетінде бас қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

АӨСШК мақсаты — тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерліктің рөлін белгілеу және Азия елдеріндегі мәдениетаралық диалогын нығайту. Сондай-ақ кездесу маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған алаң болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ол ағымдағы жылдың қазан айында АӨСШК-нің VI саммиті барысында айтылған Президенттің бастамасымен өтеді.

Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың, АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Лианның, Сыртқы істер министрлігі және Астана әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Кездесуде алдағы слет бағдарламасы, қатысушылардың логистикасы, ұйымдастырушылық-техникалық сәттер мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

АӨСШК еріктілер слеті 3-4 қазанда Астанада өтетінін естеріңізге салай кетейік. Азияның 27 елінен 400 белсенді қатысады. Олар үшін тақырыптық панельдік сессиялар, білім беру және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар слет шеңберінде АӨСШК Жастар кеңесінің VIІ отырысы жоспарланған, оның қорытындысы бойынша волонтерлікті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар қабылданатын болады.

15 тамызда Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: